Медицина мектебі зертханасының аға үйлестірушісі

Nazarbayev University

Apply to this job
Astana, ASTANA, kz on site Until 8/23/2026 First posted October 23, 2025 Last posted October 23, 2025
Job description

Питтсбург университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленген Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Американың оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. Мектеп студенттердің алғашқы легіне өз есігін 2015 жылдың күзінен бастап ашады. НУММ миссиясы Қазақстанның, Орталық Азияның және қалған барлық әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында көшбасшылық орындарды иеленуге даярланған  клиникалық дағдылары бар және ғылыми-зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады. 

1.      Зертхана ассистенттері мен зертханалық инфрақұрылымның техникалық қызметін әкімшілендіру және үйлестіру;

2.      Зертханалық саясат пен рәсімдерді әзірлеу және енгізу. Операциялық саясаттар мен рәсімдерді басқару және үйлестіру; зертханалардың қызметіне қатысты мәселелерді ғылыми-зерттеу персоналымен үйлестіру;

3.      Нақты операциялық мәселелерді шешу және техникалық қызметті жақсарту үшін мектептің ғылыми жетекшілерімен, ғылыми зерттеушілерімен және қызметкерлерімен байланысты қолдау. Техникалық рәсімдер, әдістер және жабдықтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ белгілі бір операциялық стандарттарға сәйкестікті қолдау;

4.      Мемлекеттік нормаларға сәйкес зертханалық жабдықтарды орнату және қызмет көрсету. Жабдықтарды калибрлеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

5.      Биологиялық қауіптілікті қоса алғанда, зертханалардың қауіпсіздігіне сапаны тексеру жүргізу және тиісті зертханалық тәжірибеге сәйкес үй-жайларға техникалық қызмет көрсету;

6.      Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы стандарттарын сақтау тұрғысынан зертханалық персоналдың мониторингі;

7.      Зертханалық персоналды стандартты операциялық рәсімдерге (СОР) және жабдыққа қойылатын талаптарға тиісті түрде оқытуды қамтамасыз ету;

8.      Сұрау салуға сәйкес зерттеушілерге зертханалық материалдарды түгендеу және бөлу мониторингін жүргізу. Қажет болған жағдайда қорларды бақылау және толықтыру;

9.      Жаңа қызметкерлер мен зерттеушілерге (ерікті студенттер, техникалық мамандар және аспиранттар) жетекшілік ету және зертханалық рәсімдерге  басқару және оқыту;

10.  Зертхананы қаржылық басқаруды қамтамасыз ету, зертхана бюджетін әзірлеу, үрдістерді талдау, есептерді дайындау;

11.  Мамандандырылған эксперименттерді дербес жүргізу. Эксперименттік хаттамалар мен әдістерді жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар енгізу. Қажет болған жағдайда жаңа хаттамаларды әзірлеу.

Биомедицина, микробиология, жануарлар биологиясы, молекулалық биология, иммунология, генетика, Биотехнология немесе осы позицияға сәйкес келетін басқа салалардағы магистр дәрежесі ең төменгі талап болып табылады.

Ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты салаларда тәжірибе жауапкершілігінің біртіндеп өсуімен 5-7 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

Зертханалық жағдайда кәсіби дағдыларға артықшылық беріледі.

Алдыңғы жұмыстағы көшбасшылық тәжірибесі талап етіледі.

Кәсіби құзыреттілігі және жеке қасиеттері:

1.        Өте жақсы ауызша және жазбаша дағдылар

2.        Командада, өз бетінше де жұмыс істеу қабілеті

3.        Ақпаратты және хаттама талаптарын түсіндірудегі өте жақсы қабілеті

4.        Айқын көрінетін ұйымдастырушылық қабілеті

5.        Қызметкерлерді тиімді басқара білу

6.        Техникалық мәселелерді шешу қабілеті

7.        Көп міндеттерді шешу

8.        Өзгеретін және күрделі ортаға икемділік пен бейімделу

9.        Дербес компьютермен және деректер базасымен өте жақсы жұмыс істеу дағдылары

10.      Бюджеттеудегі өте жақсы дағдылары

Ағылшын, қазақ және орыс (ауызша және жазбаша) тілдерін еркін меңгеру.

Жетілдірілген MS Offiсе пайдаланушысы

Медицина мектебі туралы қосымша ақпарат алу үшін https://nusom.nu.edu.kz/ сілтемесі бойынша өтіңіз

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

About this role

Summary

Manage laboratory operations, staff, safety, equipment, and research projects in a biomedical setting.

Job title

senior research laboratory coordinator

Experience level

5-7 years

Industry

education

Location requirements

Astana, Kazakhstan; remote work not specified

Salary

Not specified

Management role

Yes

Skills & keywords

Required skills

biomedicinemicrobiologymolecular biologyimmunologygeneticslaboratory managementbudgetingteam leadershiptechnical troubleshootingdata management

Preferred skills

biotechnologybiomedical researchlaboratory safetyproject managementtraining

Specializations

biomedicinemicrobiologymolecular biologyimmunologygenetics
Locations

Structured locations inferred from the posting.

Astana, Kazakhstan

On-site City